00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дизельді заңсыз сататындар жылына 140 млн доллар пайда тауып отыр

03.04.2023 | 13:35
113
Фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Қазақстаннан дизель отынын көрші елдерге шығаратындар қанша пайда тауып жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстаннан дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін («көлеңкелі» экспорттан) пайда 50 пайыздан 120 пайызға дейін жетеді. Жалпы пайда жылына шамамен 140 млн АҚШ долларына дейін жетеді, - деді Б. Ақшолақов.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жүк көліктері қосымша цистерналармен жабдықталған көптеген фактілер бар. Осылайша, бір жүк көлігі бірден бір тоннадан төрт тоннаға дейін жанармай құя алады. Егер мұндай жүк көлігі Қазақстанда жанармай құйып, Өзбекстанға отынды өткізуге барса, 1 тоннадан 700 доллар пайда табуға болады. Сонымен қатар Қырғызстанға барса, 250 доллар табыс алады.

Все новости