00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Әділет министрлігі «Е-заң көмегі» чат-ботын іске қосады

20.06.2024 | 17:52
Олжас Сүлейменов
89
Әділет министрлігі «Е-заң көмегі» чат-ботын іске қосады
Фото: ашық дереккөз

Әділет министрлігі «Smart Data Ukimet» платформасында жалақы мөлшерін төмендеткен деректерді анықтайтын аналитикалық кейсті іске асырды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Үлкен деректерді зерттей отырып, біз алимент төлемей, ең төменгі жалақы мөлшерін көрсететін азаматтарды анықтай алдық. Бұл мәселені толығымен жою үшін МКК-мен бірлесіп жұмыс жүргіземіз. Келесі жоба – «ЖСО-робот». Егер сіз бұрын Сергек камерасына түсіп, тағайындалған айыппұлды 50 күн ішінде төлемеген болсаңыз, онда бұл іс жеке сот орындаушыларына берілетін. Қызметкер шотты шектеп, сізден айыппұлдың 25%-ын 10 АЕК-ке дейінгі сомасын өндіріп алды. Енді ең төменгі есептеулер бойынша азаматтар жыл сайын осы роботтың арқасында 2,2 млрд теңге үнемдейді. Егер азамат төлемді 50 күннен кешіктірсе, онда біз қосымша SMS, Push-хабарламаларды банктердің қосымшалары арқылы жібереміз. Бұл азаматтардан қаржы өндірмеу үшін жасалады. Енді робот арқылы бұл функцияға төлеудің қажеті жоқ», - деп түсіндірді Б.Молдабеков. 

Тағы бір жаңалық – азаматтарға құқықтық қолдау «Е-заң көмегі» жүйесі арқылы көрсетіледі. 1 шілдеден бастап ол бейнеконференция режимінде жұмыс істейді.  

«Заң кеңесшісі немесе адвокат сіз үшін әрдайым қолжетімді болады. Кез келген жағдайда оған қоңырау шалып, кеңес ала аласыз», - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізу жоспарлануда. Бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Все новости