Диқандар үшін арзандатылған дизельдік отын бағасы белгіленді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/7_8f4486bdad.jpg)
ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Petrosun» ЖШС компаниялары өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Отырыс барысында вице-министр қатысушыларды Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын дизельдік отынмен қамтамасыз ету үшін өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бөлу кестесін» бекіткенін хабарлады.
Кестеге сәйкес 2024 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығында Қазақстанның 20 өңірінің 17-сінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 340,2 мың тонна дизель отынын бірінші кезекте тиеу және жеткізу жоспарланған, оның ішінде: ақпан – 45 , наурыз – 90,4, сәуір – 92,8, мамыр – 103,4 және маусым – 8,6 мың тонна.
Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өндіретін дизель отынын жөнелту және жеткізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Petrosun» ЖШС ресурстары есебінен жүзеге асырылады.
Энергетика министрлігі тікелей ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ұсынған дизельдік отынның бағасы 250 теңге/литрді құрайды, бұл жанармай құю станциясындағы бөлшек сауда бағасынан 15%-ға төмен және 2023 жылы егін жинағаннан кейін де өзгеріссіз қалады. Ұсынылған баға барлық 17 өңір үшін бірдей және көлік шығындары мен ауылшаруашылық отынын жеткізу бойынша аймақтық операторлардың маржасын қамтиды.
Қазір облыс әкімдіктері жанындағы арнайы комиссиялар Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын жеткізу бойынша өңірлік операторларды анықтауда.
Энергетика министрлігі «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұнай өңдеу зауыттарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын жөнелтудің басымдығына кепілдік береді.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)