00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

19.05.2023 | 23:00
34
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 20-22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер айқындайды. Жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады. 20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанған. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, республиканың оңтүстігінде дауыл болады деп болжанып отыр.

Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған, - делінген хабарламада.

Все новости