00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

11.07.2023 | 17:00
78

Соңғы 2,5 жылда елімізде букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды. Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны – 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Министрлік түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды.

Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды, олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді. Қазіргі уақытта тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр. 

Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Соңғы 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Нақты айтар болсақ,  2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлікті құрайды. 

Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. 2023 жылдың басынан министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3 670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Все новости