00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияны 50 мың адам қолдады

08.06.2024 | 10:01
Сабина Кәкімжан
114
Бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияны 50 мың адам қолдады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Уақыт белдеуіне қатысты петиция қажетті қол жинады және қарауға қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

«E-Petition.kz»  ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күн.Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі, - деп жазылған хабарламасында.

Все новости