00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылмақ

09.01.2024 | 14:00
143
Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарлама жүзеге асырылмақ, деп хабарлады Elorda.info.

Ведоствоның мәліметінше, 2,5 мың км. құрайтын иесіз коммуналдық желілер ТМС-тің (табиғи монополиялар субъектілері) басқаруына беріледі. ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) саласы қызметкерлерінің жалақысы орташа салалық көрсеткіш деңгейіне (10-20%-ға) индекстелетін болады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі: ТМС-тің қабылданған міндеттемелерін бақылау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды; тарифтік реттеудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

2024 жылдан бастап табиғи монополиялар салаларындағы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

-тексерулер адамның қатысуынсыз жүргізіледі;

-субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша градациялау арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығы төмендейді;.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап тарифті белгілеудің «ынталандырушы» әдісі енгізіледі.

Сондай-ақ ТМС қызметінің тиімділігін арттыру қарастырылуда. Бұл:

-жаңа инвестицияларды ынталандыру

-инновациялық шешімдерді енгізу

-тұтынушылармен байланыс деңгейін арттыру

-көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және тиісінше кіріс алу

Сондай-ақ, биыл елімізде коммуналдық ресурстарды «тұтынудың әлеуметтік нормаларын» енгізу жоспарлануда

Мұндағы мақсат – коммуналдық ресурстарды үнемді тұтыну мәдениетін арттыру, сондай-ақ болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.

Все новости