00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев өзі хабарласқан көріпкел кім екенін айтты

08.04.2024 | 11:43
Елорда ақпарат
135
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаев көріпкел Шымкентте тұратынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Айыпталушының айтуынша, ол көріпкелді соңғы бірнеше жылдан бері таниды. Ол экс-министрге әрдайым бизнесте көмектескенін айтады.

Сот отырысында Салтанат Нүкенованың адвокатының «Басқа қаладағы адам Салтанаттың жағдайы туралы қалай айта алады?» деген сауалға Бишімбаев «Мен оған сендім» деп жауап берді.

Оның сол жақ бетінде көгерген орын үлкейіп бара жатқанын көріп, көріпкелге қоңырау шалдым. Мен одан неден көгергенін және кейін не болатынын білгім келді. Балгер «Салтанат есің жиған кезде үйге барасыздар»  деді, - деп баяндады айыпталушы.

Все новости