00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев сотта марқұм Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

01.04.2024 | 13:21
78
Қуандық Бишімбаев
фото: t.me/Jogargy_sot

Бишімбаев бүгінгі кезекті сот отырысында берген жауабында марқұм С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Сіздердің сезімдеріңізді түсінемін. Сіздер мені жек көрсеңіздер де, қарғасаңыздар да болады. Бірақ тағы да айтайын, бір Құдайдың алдында да жауап беруге дайынмын. Сіздердің алдарыңызда да, бәрінің алдында да. Қасақана осындай іс жасайын деген ой болған жоқ. Салтанатты сүйдім. Алайда оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Біздің ұрыс-керісіміз, сол кештегі менің әрекеттерім болмаса, ештеңе болмас па еді?! Осыған назар аударсаңыздар екен. Мені 5 ай бойы айуан деді, көзін ойып алды деді. Бәрі шындыққа жанаспайды. Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен дәметпеймін. Бірақ бұл - менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл жоғалтудың салмағын бағамдаймын және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші айтқым келетіні осы, - деді Қуандық Бишімбаев.

Все новости