00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев Салтанат екеуінің арасындағы ұрыс-керіс жайлы айтып берді

03.04.2024 | 13:56
Сабина Кәкімжан
87
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Әйелін өлтірді деп айыпталған күдікті Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Экс-министр Салтанат Нүкенова қаза тапқан күнгі жанжал туралы баяндады. 

Мейрамханада жұмысшылар болды. Мен оған «Егер айқайлағың келсе, VIP-тегі дәретханаға барайық» дедім. Кейін біз сол жаққа барып, еденге отырдық, - деді Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, кейін Салтанат Нүкенова дәретханада унитазға басын ұрып алған.

Салтанат қайтадан тақырыпқа оралды. Ол «маған берген сыйлықтарыңыз үшін өкіндіңіз бе? Мен бәрін қайтарамын» деді. Сол сәтте мен оған не болғанын түсінбедім. Ол сырғасын, неке жүзігін дәретханаға тастады да, суын ағызып жіберді. Бұл жерде мәселе әшекейлердің бағасында емес. Мен барлық сыйлықтарымды ерекше махаббатпен бергем. Оның бұл қылығына таң қалдым, - деді экс-министр.

Бишімбаевтың айтуынша, кейін ол бардан бөтелке алған.

Салтанат дәретхананың есігін іштен жауып алды. Мен «Салта, есікті аш» деп оны қаға бердім, сонда есік бұзылды. Одан кейін Салтанат өзі де есікті ашты. Екеуміздің арамызда ұрыс болды, мені балағаттады. Мен де ауыр сөздер айттым. Салтанат менің жейдемді жыртты, мен оның белінен ұстап тұрған болатынмын,  ашуланып,  жібере салдым. Сол кезде ол қабырғаға соғылды. Салтанат көйлегін шешіп, маған қарай лақтырды.  Өзіне-өзі келсін деп бетінен бір-екі рет ұрып жібердім, - деді экс-министр.

 

Все новости