00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованы отбасылы еркектермен жүрген деп айыптады

01.04.2024 | 17:14
80
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Бүгін сот барысында экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамеен жанжалға оның бұрынғы қарым-қатынастары себеп болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бишімбаевтың айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенова елімізге танымал адамның «көңілдесі» болған.

Үйленгенімізге шамамен үш-төрт күн өткен соң Салтанаттың мінезі өзгерді. Кейін одан не болғанын сұрай бастадым. Ол менің жеке кабинетімде тұрған суреттегі кісімен бір кездері жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Ол отбасылы адам. 4 баласы бар. Сондай ол Салтанаттан 20 жасқа үлкен. Бұл кісі – елге танымал адам. Есімі – Райымбек. Ал мен ол кісімен қызметтес болдым. Сондықтан аздап таңқалдым, - деді экс-министр.

Сот барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Қуандық Бишімбаевтың сөздеріне ешқандай дәлел жоғын айтты.

Все новости