00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев: Өз-өзіме қол жұмсағаным дұрыс болар деп ойладым

03.04.2024 | 15:14
98
Бишімбаев
фото: t.me/Jogargy_sot

Сотта әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев С.Нүкенованың тамыры соқпай қалғанын білгенде ғана жедел жәрдем шақырғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сотталушының айтуынша, ол қорылдың дауысын естіп әйелін ұйықтап жатыр деп ойлаған.

Салтанат жатқан бөлмеге бардым,оятуға тырыстым, бірақ ол оянбады. Бірақ оның қорылдауы басылыпты. Мен соны байқаған соң оянады деп ойладым. Сосын мен Бақытжанға тамақ ішіп алайық дедім. Одан кейін Бақытжанға бара беруін айттым. Сосын бөлмеге тағы да кіріп, Салтанатты оята бастадым. Сол кезде оның денесі салқындап қалғанын сездім. Одан кейін тамыр соғысын іздей бастадым, бірақ таба алмадым. Шошып кеттім де, Бақытжанға телефон соғып, «тез кел» дедім. Ол да тамыр соғысын іздей бастады, бірақ таба алмады. Сосын оған жедел жәрдем шақыр дедім, ол жүгіріп кетті. Міне барлық жағдай осылай болды. Жедел-жәрдем дәрігерлер келгенше жасанды тыныс алғызу керек деді. Мен жақындап, ауызын ашқым келді, бірақ оның жағы қасарысып қалғанын көрдім. Өзім оны қайдан білетінімді білмеймін, бірақ сол сәтте мен оның жүріп кеткенін түсіндім. Жедел жәрдем келіп, реанимация шараларын жүргізе бастады, мен ас үйге барып, пышақ алып, өз-өзіме қол жұмсағаным дұрыс болар деп ойладым. Сосын полиция келді, –деді ол.

Все новости