00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев ісі: Марқұм Нүкенова күйеуіне қолхат жазып берген

08.04.2024 | 11:12
Елорда ақпарат
123
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында айыпталушының адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенова күйеуіне қолхат жазғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Онда ол Бишімбаевпен бірге намаз оқып, «қатты қызғаншақ» болмауға уәде берген.

Мен, Салтанат Нүкенова, Бишімбаевпен арадағы сенімді қайта қалпына келтіруге, үнемі психологқа баруға, өз-өзіммен жұмыс істейтән боламын. Отбасылық өмірді сақтайтын қамқор әйел болуға, боқауыз сөздер айтпауға уәде беремін, оған сенетін және қызғанбайтын, және оны құрметтейтін боламын. Ал егер ондай жағдай орын алатын болса, түсініктік танытамын және оның пікіріне сеніммен қараймын, өйткені ол маған жақсылық жасайды, - деп жазылған Бишімбаевтың қойындәптердегі жазбада.

Осы жазбаны экс-министрдің қорғаушысы тергеу ісіне қосуды сұрады.  Алайда судья Айжан Күлбаева қарсы болды.

Айта кетейік, елордада  «әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді» деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алқабилердің қатысуымен ашық трансляция арқылы 27- наурыздан бері өтіп жатыр.

Все новости