00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бишімбаев дәрігерге емес, балгерге хабарласқан

03.04.2024 | 15:39
180
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысында Салтанат Нүкенованың өлімі күні не болғанын күдіктінің өзі егжей-тегжейлі баяндап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Біраздан кейін Салтанат көзін жұмып, қорылдай бастады. «Салта, ұйықтама, қазір такси келеді» деп мен оны ояттым. Ол өз-өзіе келе бастады( мас шаршаған адам секілді болды). Мен оны ұйқысынан оята алмайтынынмды түсіндім. Содан шамамен 2 сағаттай ұйықтап алғаны дұрыс деп есептедім, - деді Бишімбаев.

Экс-министрдің айтуынша, кейін өзі де келіншегінің қасына келіп ұйықтаған.

«Бір кезде мен оның қорылдағанын естідім. Сағат 9.30-да Бақытжан Байжановқа қоңырау шалып, «осында келіп, бізді үйге апарып таста» дедім, - деді Қуандық Бишімбаев.

Ол келіншегінің жағдайы нашарлағанын байқаған. Бірақ жедел жәрдем шақыруды жөн көрмеген.

Сағат 13.30-да мен Салтанатты ұйқысынан ояттым. Бірақ ол оянбады. Сол кезде оның сол жақ бетінде үлкен көгерген орын барын байқадым. Мен бірден алаңдай бастадым. Расын айтсам, қатты қобалжыдым. Менің телефонымнан көруге болады, көгергені көргенде мен бірден балгерге хабарластым. Таныс балгерім болғн, - деді экс-шенеунік.

Кейін ол балгермен сөйлескен.

Мен бар жағдайды айтып түсіндірдім. Балгер 10 минуттан соң хабарласуымды сұрады. Кейін балгер «Салтанат шаршаған, есің жиған кезде үйге барасыздар» деді, - деп жауап берді ол.

Алайда Салтанат Нүкенованың жағдайы жақсармағанын байқап Бишімбаев Бақытжан Байжановқа хабарласып, дәрі әкелуіп беруін сұрайды.

Все новости