00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз өсіруіне жол бермеуді тапсырды

18.06.2024 | 14:08
Торғын Аман
91
Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз өсіруіне жол бермеуді тапсырды
фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы интернет пен мобилді байланыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Олжас Бектенов еліміздегі байланыс пен интернеттің сапасына назар аударды. Тек өткен жылдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсті, биылғы жылғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған.

Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес, ірі қалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы пункттерге де әсер етеді. Бұл мәселелерді кідіріссіз шешу және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту тапсырылды.

«Операторлардың әдетке айналдырған тарифтер құнын ұлғайту мәселесі жеке назарды талап етеді. Бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерін мемлекеттік реттеу алып тасталғаны белгілі. Бәсекелестік қана бас реттеуші болуға тиіс. Алайда, әзірге бұл байқалмай отыр – операторлардың барлығында бағалар шамамен бірдей. Бұдан басқа, Салық кодексінің шеңберінде операторлар үшін радиожиілікті спектрге 90% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Осы ретте операторлар лицензиялық міндеттемелерге сәйкес үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялау тиіс. Сондықтан Министрлік монополияға қарсы органмен бірлесіп операторлардың өз міндеттемелерін толыққанды орындауын және бағалық сөзбайласу мен тарифтердің негізсіз артуына жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет», — деді Олжас Бектенов.

Все новости