Балалар үйлерінің түлектері туралы деректі фильм жарыққа шықты
![](/img/watch-gray.png)
![Балалар үйлерінің түлектері туралы деректі фильм жарыққа шықты](/img/articles/7df294543a01993f40e9f5b6777b0b38.jpg)
Астанада балалар үйі түлектері туралы «Мемлекеттің балалары» атты деректі фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Деректі фильмді Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты дайындады.
Көрсетілімге ғылыми зерттеу орталықтарының өкілдері, отбасы және гендер саясаты саласының сарапшылары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани фильмнің маңызына тоқталды.
Бұл фильм институтымыздың зерттеуі негізінде түсірілді. Әдетте ғылыми ұйымдардың зерттеулері көпшілікке жете бермейді. Әйтпесе пайдалы зерттеулер елімізде көптеп жасалады. Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумы» құрылды. Консорциум мақсаты – аталған бағыттар бойынша зерттеулерді жүйелеу және насихаттау. Фильм осы консорциум аясында жарық көріп отыр, - деді ол.
Деректі фильм Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Балалар үйі тәрбиеленушілерінің қоғамға әлеуметтік интеграциясы және бейімделуі» атты 2022 жылғы зерттеуі негізінде түсірілген. Бұл баяндамада интернат мекемелердегі балалардың психоэмоционалды даму ерекшеліктері, олардың құқықтық мәртебесі, білім алу, жұмысқа тұру және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мәселелері зерттелген.
Айта кетейік, деректі фильм 4 кейіпкердің оқиғасы негізінде балалар үйі түлектерінің бірқатар мәселесін қозғайды. Олардың өмірі интернаттан түлеп шыққаннан кейін қалай өрбитіні, қоғамға бейімделуі кезінде қандай қиындықтарға тап болатыны және қалыптасқан стереотиптер салдарынан қандай кедергілерге ұшырайтыны баяндалған.
Жыл сайын мыңға жуық жетім бала интернат мекемелерден түлеп шығып, үлкен өмірге аяқ басады. Өмірден лайықты орнын табу барысында олардың кейбіреулері қалыптасқан стереотиптер кесірінен жұмысқа тұра алмаса, екіншілері құқығын қорғап, өзіне тиесілі көмекті ала алмайды, енді біреулері дәрігерге қалай қаралу керегін де білмейді.
Қазір Қазақстанда осындай 22 081 жетім бала бар. Олардың 82%-ы – әлеуметтік жетімдер, яғни, ата-анасы тірі болса да, түрлі себеппен олардың қамқорлығынсыз қалған балалар. Өкінішке қарай, бұл факт елдегі жетімдердің мәселелерін шешу қажеттігін ғана емес, бастапқы себебі – отбасы институты проблемасына назар аудару керегін меңзейді, - деп жазылған фильмнің сипаттамасында.
Деректі фильмді бүгіннен бастап Қазақстандық қоғамдық даму институтының YouTube арнасынан көруге болады.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)