00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

БҚО мен Ресей шекара бекетінде 150 жүк көлігі кезекте тұр

20.04.2023 | 21:00
106
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының «Маштаково-Сырым» шекара бекетінде 150 жүк көлігі ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған себеп - Ресей жағындағы өткізу бекетінде күрделі жөндеу басталып, қозғалыс шектелді, деп жазады Qazaqstan.tv. Енді екі жақтан көлік өткізу жиілігі екі есеге дейін азаяды. Жөндеу қыркүйекке дейін жалғасады. Сондықтан шекарашылар көрші елге бұл бекеттен емес, Тасқала, Шаған секілді басқа аумақтардан өтуге кеңес берді. 

Айта кетейік, өңір Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Аймақта 6 шекаралық өткізу бекеті бар. Солардың ішіндегі ең үлкені «Маштаково-Сырым» пункті. Мұнда күніне 3 мың көлік пен 7 мыңдай адам әрлі-берлі өтеді.

Маштаково өткізу пунктінде жол жөндеу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі таңда кептеліс, жүк көліктерінің саны 100-150 автокөлік тұр Қазақстан жағында. Және Маштаковоның ар жағында 80-150-дей көлік тұр. Бұл орынды, тұрғаны. Ал кептеліс деп, егер 300 көліктен асса, сол кезде кептеліс деп санаймыз, - деді ҰҚК шекара қызметі БҚО департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаймарданов.

Все новости