00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Бүгіннен бастап тағы бір өткізу пунктінде «CarGoRuqsat» жүйесі енгізіледі

15.02.2024 | 02:39
114
Фото: дереккөзден

Былтыр 1 қарашадан бастап «CarGoRuqsat» Солтүстік Қазақстан облысындағы «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде қолданыла бастады. Енді 15 қаңтардан бастап «Қарашатау» (Ақтөбе облысы) және «Жезкент» (Абай облысы) өткізу пункттерінде де жүргізушілер алдын ала кезекке тұра алады. 

Бұған қоса 31 қаңтардан бастап  «Убе» (Шығыс Қазақстан облысы) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде осындай мүмкіндік беріледі. 

«CarGoRuqsat» тасымалдаушыларға Ресей шекарасынан өту үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігін береді. Электрондық кезекті қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етеді, жүк машиналарының жиналуына жол бермейді», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры Қадыр Ысмағұлов.

 «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді. 

2023 жылдың 1 қарашасынан бастап «CarGoRuqsat»-та 2 813 жүк автокөлігі электронды кезекке брондалды, оның ішінде 2 804 автомобиль Ресей Федерациясына өтті, 9 автомобиль кезекке сәйкес өткізу пунктіне келеді. 

Биыл «Обаған» және «Найза» және  «Құрманғазы» өткізу пунктінде де аталған жүйе іске қосылады. 

Все новости