00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бүгін 11 аймақта дауылды ескерту жарияланды

21.08.2023 | 02:30
92
фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің 21 тамыз, яғни бүгінге жасаған болжамы бойынша еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Elorda.info  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап

Астанада түнде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде желдің  екпіні 15-20 м/с.  Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Күннің соңында Көкшетауда найзағай күтіледі.

Атырау облысында күндіз 35-39 градус ыстық сақталады. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтілуде,-деп жазды синоптиктер..

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында, батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда өрт қаупі әлі де жоғары.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде солтүстікте, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз еліміздіің батысы мен солтүстіктігінде, және Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Батыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен, облыс орталығында 15-20 м/с. 21-23 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 21 тамызда күндіз Қызылордада найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. 21-23 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады,-деп хабарлады ауа-райын болжау мекемесі.

21 тамызда түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз шығыста оңтүстіктен, облыстың оңтүстігінен екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Өрт қаупі әлі де жоғары.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Облыстың таулы асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 21-23 тамызда Түркістан облысының солтүстік, батыс, оңтүстік, шөлейтті аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады. 21-23 тамызда Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

 Ұлытау өңірінде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі әлі де жоғары.

Все новости