00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

04.03.2024 | 03:28
133
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктердің болжамынша, 4 наурыз күні Астана мен Павлодар облысында жаяу бұрқасын болып, секундына 15 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Түркістан облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Все новости