00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

01.10.2023 | 11:30
132
Фото: ашық дереккөз

Қазан айында 10 күн демалыс бар, деп хабарлады Elorda.info. Яғни, 9 әдеттегі демалыс күндері және бір мереке күн бар. 

Биыл қазанның алғашқы күні жексенбіге түсті. Сондай-ақ бүгін, 1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде. Бұл – 1 қазан - Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Сонымен қатар алда Ұстаздар күні мерекесі келе жатыр. Биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.

Дегенмен 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген болатын.

Сонымен қазанда қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Яғни, бұл айда күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке бар.

Все новости