Қазақстанда сауықтыру туризмінің танымалдылығы артып келеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/36061425_0_0_1280_720_1920x0_80_0_0_0670c455b1be0689513f2510afb7e3a9_jpg_a0165db973.jpg)
Қазақстанда 173 шипажай-курортты мекеме жұмыс істейді. Соңғы жылдары ішкі және шетелдік туристер арасында сауықтыру туризмінің танымалдылығы артып келеді, деп хабарлады Elorda.info.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, еліміздегі қолайлы климаттық жағдай, күн сәулесі, бірегей минералды қайнар көздері мен емдік балшық орындары емдеу-сауықтыру нысандарының дамуына септігін тигізуде.
Оңтүстіктегі Сарыағаш шипажайлары қабыну процесін емдеуге көмектесетін және адам ағзасының жалпы жағдайына оң әсер ететін, сондай-ақ ұзақ мерзімді аурудан кейін иммунитетті қалпына келтіруге көмектесетін минералды қайнар көздерімен танымал. Айта кету керек, Сарыағаштың Көктерек кенті еліміздегі шипайжайлардың ең көп шоғырланған орны.
Шығыстағы Қатон-Қарағай термалды радон қайнарлары емдік қасиеттері бойынша халықаралық бәсекелестерінен кем түспейді және әртүрлі эндокриндік ауруларды емдеуге көмектеседі. Аталған өңірдің табиғаты жазда да, қыста да бірдей әдемі. Бұл жергілікті шипажай-курортты аймақтарға жылдың кез келген уақытында демалуға мүмкіндік береді.
Ал, еліміздің батысындағы шипажайлар буын, жүйке жүйесін, гинекологиялық және урологиялық патологияларды, сондай-ақ тері ауруларын емдеуге және алдын алуға бағытталған. Бурабай және Қостанай қарағайлы ормандарының экологиялық таза ауасы, емдік балшығы, әдемі таулы ландшафт және бірегей табиғи көрікті жерлер денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін тағы бір сұранысқа ие шипажай-курортты аймаққа айналдырды.
Қазақстан сауықтыру туризмін дамыту үшін түрлі туристік-рекреациялы ресурстарға ие. Шипажай-курортты кешендердің көпшілігі жыл бойы жұмыс істейді. Бұл маусымнан тыс уақытта бағаны төмендетуге мүмкіндік береді, сол арқылы демалыс пен емдеуді одан әрі қолжетімді етеді. Кейбір пансионаттар атпен серуендеу, тарихи және табиғи көрікті жерлерге экскурсиялар жүргізу, әртүрлі спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. бірқатар қосымша қызметтерді де ұсынады, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)