00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі енгізіледі

21.12.2023 | 03:30
147
фото: дереккөзден

2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесі енгізілді, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

Электрондық кезек шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналары кептелісінің алдын алады. 

Электрондық кезекті енгізуді тасымалдаушылар оң бағалауда – электрондық кезек енгізілгеннен бастап «Бидайық» өткізу пунктінде 1 мыңнан астам жүк автомашина брондаған. Оң нәтижелерді ескере отырып, Ресей Федерациясымен шекарадағы 7 автомобиль өткізу пунктінде қосымша электрондық кезекті қолдану жоспарланып отыр, - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

2024 жылғы 15 қаңтардан бастап «Қарашатау» (Ақтөбе обл.) және «Жезкент» (Абай обл.) өткізу пункті;

2024 жылғы 31 қаңтардан бастап «Убе» (Шығыс Қазақстан обл.) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан обл.) өткізу пункті;

2024 жылғы 15 ақпаннан бастап «Обаған» (Қостанай обл.) және «Найза» (Павлодар обл.) өткізу пункті;

2024 жылғы 30 сәуірден бастап «Құрманғазы» өткізу пункті (Атырау обл.).

Осыған байланысты, аталған автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өту керек, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, қажетті өткізу пунктін таңдау, шекарадан кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.

Все новости