00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ауылға көшетін мамандарға берілетін төлем сомасы көбеюі мүмкін

Ауылға көшетін мамандарға берілетін төлем сомасы көбеюі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Ауылды жерлерге қаладан көшіп барған мамандарға төлемдер, тұрғын үй алу үшін жеңілдіктер беріледі. Алдағы уақытта осы төлемдер сомасы көбеюі мүмкін, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстанда 2009 жылдан бері ауылды жерлерге баратын мамандарды қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. Көшіп-қону кезінде қолдау үшін мемлекет оларды: 300 мың теңгеден астам төлемдермен (көтерме ақы); мөлшерлемесі 0,01 пайыз болатын тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етеді.

6 маусымда «Ашық НҚА» порталында ұлттық экономика министрінің бұйрығына осы бағдарламаға байланысты өзгертулер енгізу жобасы жарияланды.

Төлем мөлшері көбейеді

Жобаға сәйкес дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге төленетін көтерме ақы – 100 АЕК, яғни 2024 жылы 369 200 теңге болады.

 Тұрғын үй несиесін беру шарттары да өзгереді. Осылайша, несиенің максималды сомасы елді мекенге байланысты болады:

аудандардың әкімшілік орталықтарында – 2500 АЕК-ке дейін (9 230 000 теңге) алуға болады; ауылды елді мекендерде – ең жоғары сома 2 000 АЕК-ке (7 384 000 теңге) дейін болады.

Бағдарламаға кім қатыса алады Бұл бағдарлама бойынша ауылды жерлерге көшетін қазақстандықтар мына талаптарға сай болуы керек:

несие бойынша өтелмеген қарызы, сондай-ақ соңғы екі жылда күнтізбелік 90 күннен астам қарызы болмауы керек;

 өтініш берген кезде сұранысқа ие мамандықтардың тізіміне сәйкес келетін мамандар (тізімдерді жергілікті әкімдіктер жариялайды);

өтініш берген күннен бастап соңғы екі жыл ішінде келетін елді мекенде (облыстық маңызы бар қалада) тұрғын үйі (қатысушылардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) болмауы керек.

 Ал қазақстандықтар осы талаптарға сай болса, шағын елді мекендерге көшкен кезде қолдау ретінде төлемдер мен жеңілдітілген несиемен тұрғын үй ала алады.

Все новости