«Қауіпсіз жол»: Жол ережесін бұзған 13 мың адам ұсталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/7_938d7d1013.jpeg)
Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараға 10 мыңға жуық полицей, оның ішінде патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде барлығы 3 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды.
«Бір күн ішінде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 98, басқару құқығынсыз – 35, жүргізуші құқығынан айырылғаны үшін – 7, жылдамдықты асырғаны үшін – 3626, қарсы жолаққа шығу – 16, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін – 651, авариялық жағдай жасағаны үшін – 107, жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермегені үшін – 263, бағдаршамның қызыл шамына тоқтамағаны үшін – 171 жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1280, телефон қолданған – 702, көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізбеген– 516, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген – 112, жол қозғалысы ережелерін бұзған 1851 жаяу жүргінші, еңбек және демалыс режимі ережесін бұзған – 4, көлікті заңсыз қайта жабдықтаған – 124, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген 8 жүргізуші анықталды», - деді ІІМ.
Айта кетейік, жедел іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)