00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ауа райы: Астана мен 12 облыста дауылды ескерту жарияланды

24.09.2023 | 02:30
112
фото: ашық дереккөз

Бүгін  Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ылғалды қар, тұман, түнде  үсік жүреді деп күтіледі, деп хабарлады Elorda.info

«Қазгидромет» РМК жексенбі күнігі ауа-райына қатысты Астана мен еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды,

Елордаада 24-,нен 25-іне қараған түнде 2 градус аяз күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с. жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус аяз болады. Петропавлда күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус аяз болады

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.  Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус аяз күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз таулы аймақтарда жауынның арты қарға ұласады.  Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус аяз болжануда.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан батыстан, облыстың оңтүстігінен 15-20 м/с жел соғады. 

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус аяз күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өңірде  түнде тұман күтіледі, топырақ бетінде 1 градус аяз болады.   

Ұлытау облысының солтүстігінде де  түнде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстіктен, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.  Алдағы үш күнде яғни, 24-26 қыркүйекте орталықта, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.  

24-26 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 25-26 қыркүйекте екпіні  

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнге қарай кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.   

Все новости