00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Атырауда тасқын судың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

15.04.2024 | 11:36
127
су қоймасы
фото: дереккөзден

Атырауда тасқын суын қабылдауға каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалына қарасты 4 каналда тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарына вегетация маусымына жиналған су Каспийге жіберіліп жатыр.

Осының нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы 3 млн текше метр, Бақсай каналы 7 млн текше метр және Нарын каналы 4,5 млн текше метр су қабылдай алады.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесі Сарыөзек каналының 5 шақырымында түп тереңдету жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, канал жанынан 50 шақырым су бөгеті салынып жатыр және қорғанысты нығайту мақсатында каналдың жағасы қапшықтармен қосымша 4-5 метрге көтерілді.

Все новости