00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты

27.02.2024 | 06:46
122
Фото: дереккөзден

«ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да қондырғыдан ақау шыққаны анықталған. 

Аталған желі жылына бір рет, қондырғыны іске қосу кезінде пайдаланылады. Құбырды босатып, жөндеу жұмыстарына дайындау мақсатында 10 минут ішінде 15 кгк/см2 қысыммен техникалық су жіберілді. Бұл жағдай өндіріске әсер етпейді. 

Қазіргі уақытта технологиялық қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін шығару мен жөнелту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 

Все новости