Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды
![](/img/watch-gray.png)
Жаңа жыл қарсаңында брендтелген жаңа жылдық №7507/7508 электр пойызының алғашқы рейсі Астанадан Бурабай курортына аттанды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл Туризм және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы.
Ерекше пойыз құрамы сыртынан да, ішінен де безендіріліп, жолаушылар үшін мерекелік атмосфера сыйлайды.
Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Олардың рөлінде – вагондардың жолсеріктері.
Мерекелік безендірілген құрам жаңа жылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін жүреді.
Екінші жыл қатарынан біз жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-мен бірлесіп, брендтелген туристік пойыздарды іске қосып отырмыз. Мұндай пойыздар мерекелік атмосфераны құрып қана қоймай, туристерді де тартады, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Бұл ретте өткен жылы жаңа жылдық электр пойызымен 16 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.
Мерекелік құрам 28 желтоқсаннан бастап аптасына бес рет жүреді. Елордадан Бурабай курортына пойыз Нұрлы жол вокзалынан сағат 06:12-де жөнелтіледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін пойызға Астана-1 вокзалынан да отырғызу қарастырылған. Бұл жерге экспресс таңғы сағат 06:37-де келіп, 07:00-де жүреді.
Туристік пойызды іске қосу аясында ҚР ПІБ «Бурабай даму» ЖШС ерекше рейстің кестесіне сәйкес қысқа тур қалыптастырды. Жаңа жылдық тақырыпты жалғастыру мақсатында, Бурабайдағы Санта резиденциясына барып, Бурабайландта таңғажайып күн өткізу ұсынылады. Мұнда бұғы немесе ит жегілген арбамен, квадроциклмен, қарда жүретін көліктермен серуендеуге, атқа мінуге болады.
Соңғы жылдары Бурабай жыл мезгіліне қарамастан, жазда жағажай демалысын, күзде және көктемде сауықтыру туризмін, ал қыста керемет жаңа жылдық атмосфераны ұсынатын тартымды демалыс орны ретінде танымал.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)