00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

29.11.2023 | 03:00
133
фото: ТЖД

Оқиға өзен бетіндегі жұқа мұз қабыршығы жасөспірімнің салмағын көтере алмай жарылып кетуінен болған, деп хабарлады Elorda.info.

Кеше сағат 17-29-да 112 пультіне қала ішіндегі  Ақбұлақ өзенінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар жеткенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан ер адам оқушыны судан алып шыққан. 2006 жылы туған жасөспірімге жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, № 2 қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оқушы дәрігерлердің бақылауында. 

Оқиға өзне бетіндегі жұқа мұз қабыршығы жасөспірімнің салмағын көтере алмай жарылып кетуінен болған. 

«Құрметті азаматтар, сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда, мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға тыйым салынады. Мұзда балық аулауды ұнататындар міндетті түрде құтқару кеудешесін киюі керек. Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналады. Өзендер мен салалардың сағаларында мұздың беріктігі әлсіз. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, үш күннен артық сақталса, мұздың беріктігі 25 % төмендейді», - деп ескертті Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Все новости