00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада үйдің қасбеті баланың үстіне опырылып құлап түсті

13.05.2024 | 15:17
136
Астанада үйдің қасбеті баланың үстіне опырылып құлап түсті
Фото: Сабина Арыстан

Елордадағы тұрғын үй кешенінің бірінде қасбеттің бір бөлігі баланың үстіне опырылып құлап түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Үй қасбетінің бір бөлігі бала кіреберіс есіктен шыққан кезде құлаған. Осы сәт бейнекамераға жазылып қалған. Анықталғандай, оқиға ғимараттың блогтарының бірінде болды.

Жарақат алған бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Астана денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы қазіргі уақытта қанағаттанарлық екенін хабарлады.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында No2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне бастың самай бөлігіндегі жарақат шағымдарымен 2013 жылы туған ұл бала түсті.

Қарап тексергенде қан кетусіз жарақат анықталды. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, оған тиісті ұсыныстар берілді, - делінген хабарламада.

Все новости