00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада діни материалдарды таратумен айналысқан шетелдік ұсталды

03.04.2024 | 09:33
Елорда ақпарат
114
қылмыс
фото: polisia.kz

Астана полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында шетелдік азамат ұсталды. Ер адамға діни мазмұндағы материалдарды заңсыз жасағаны, сақтағаны, әкелгені және таратқаны үшін іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Все новости