00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астана тұрғындарына заң көмегі тегін көрсетіледі

12.06.2024 | 16:06
Торғын Аман
118
Астана тұрғындарына заң көмегі тегін көрсетіледі
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Тұрғындар 13 маусымда сағат 16:00 - 18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады.

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.

Все новости