Қарсыласыңды жеңу үшін, алдымен, өзіңді жеңуің керек – әлем чемпионы
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/madi_9323fc839e.webp)
Мадина Болатқызы – көпбалалы отбасының тұңғышы. Кішкентайынан спортты жанына серік еткен қайсар қыз бүгінде белбеу күресінен спорт шебері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Ол өткен жылы әлем чемпионы атанды.
2018 жылдан бастап түрлі жарысқа, алуан турнирлерге қатыса бастадым. Мәселен, 2018 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Рафик Валиев атындағы турнирде жүлделі 2-ші орынды иелендім. Одан кейінгі маңызды жарыстардың бірі, бұл – 2022 жылы өткен Қазақстан чемпионаты. Сол жылы мен жарыстың 3-орын иегері болдым. Биыл жасөспірім арасында чемпионат болды. Бұл сайыста жүлделі 1-ші орынды жеңіп алдым. Бұл жеңіс маған әлем чемпионатына қатысуға жол ашып, үлкен спорт додасына жолдама берді. Сөйтіп, былтыр Тәжікстанның Худжант қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып, өзім көптен бері мақсат еткен жеңіс тұғырына көтерілдім. Яғни, белбеу күресінен әлем чемпионы атандым, - дейді Мадина Болатқызы.
Жас спортшы осыған дейін талай боз кілемде белдесіп, қарсыластарының арқасын жер иіскетіп жүрсе де, ол үшін осы әлем чемпинатының орны бөлек екенін айтады. Өйткені әлем мықтыларын мойындату жолында бұрынғыдан да көп тынбай еңбек етіп, моншақтататып тер төкті.
Спортшыны биік шыңға шығаратын, бұл - күнделікті жаттығулар. Қарсыласыңды жеңу үшін, әуелі, өзіңді жеңуің керек. Аталған әлемдік додада мен 52 кг салмақта бақ сынайтын едім. Оған дейін бірнеше кг салмақ тастауға күш салдым. Қиындық та болды, уайым да аз болмады. Десе де күнделікті жаттығуды жібермей, шынықтым. Жарысқа бір ай қалғанда жаттығудың қалыпты жағдайын тоқтатып, жүктемені екі есе көбейттім. Бұған жаттықтырушыларымның да еңбегі сіңді. Сондай-ақ ата-анамның көп қолдауын сезіндім, - дейді балуан қыз.
Кейіпкеріміз бізбен болған шағын әңгімесінің аяғында барлық нәзік жандарды алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Аяулы аналар, апа-сіңлілер, дос-құрбыларды көктем меркесімен, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген аналарымыз аман болып, еліміз гүлдене берсін! - деп тіледі спортшы.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)