00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қарағанды облысында алимент төлемеген 36 әке жауапқа тартылды

05.03.2024 | 08:16
93
фото: www.gov.kz

Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам іс жүргізілді. 

Өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. 

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды. 36 қасақана төлемеген борышкерлерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Мысалы, кәмелетке толмаған Ш. деген баланың әкесі ұлына 3 миллион теңгеден астам алимент төлемеген. Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды. Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек.

Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам алимент өтелді.

Все новости