00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Антикордың call орталығы 4 күн бойы жұмыс істемейді

22.06.2023 | 18:30
115
фото: full-solution.org

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call орталығы техникалық жұмыстарға байланысты төрт күн қоңырау қабылдамайды, деп хабарлады Elorda.info Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 маусым сағат 22:00-ден 26 маусым сағат 10:00-ге дейін Антикор 1424 Call-орталығында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты консультация мен өтініш қабылдау қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз,- деп жазылған хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке былай да жүгіне аласыз:

- аумақтық департаменттер арқылы

- 1424@antikor.gov.kz электронды поштасы арқылы

- eotinish.kz немесе egov.kz (ЭЦҚ қажет) арқылы

- Антикордың Instagram немесе Facebook аккаунттары арқылы.

Все новости