00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Антикор: «Астана-Зеленстрой» бұрынғы бас директорына қатысты тергеу жүріп жатыр

17.06.2024 | 10:36
Торғын Аман
102
Антикор: «Астана-Зеленстрой» бұрынғы бас директорына қатысты тергеу жүріп жатыр
видеодан скрин

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталған.

 Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости