00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Алматылық полицейлер 20 заңсыз келімсекті ел аумағынан шығарды

27.06.2024 | 13:27
Олжас Сүлейменов
131
Алматылық полицейлер 20 заңсыз келімсекті ел аумағынан шығарды
Фото: дереккөз

Алматының көші-қон қызметі қаладағы аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталған.

«Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстаннан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Все новости