00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры 3 жылға сотталды

05.06.2024 | 11:30
Торғын Аман
110
Алматыда ветеринарлық қызмет директоры 3 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Все новости