00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Алматыда Спорт басқармасының қызметкерлері 56 млн теңге жымқырған

06.06.2024 | 17:46
Торғын Аман
83
Алматыда Спорт басқармасының қызметкерлері 56 млн теңге жымқырған
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости