00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн пара алды деген күдікпен ұсталды

10.06.2024 | 14:02
Торғын Аман
115
Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости