00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел әлі де іздестіріліп жатыр

Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел әлі де іздестіріліп жатыр
Фото: дереккөз

Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

1979 жылы туған Досанова Гүлнұр Ерназарқызы 12 маусымда сағат 13:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабарды полицияға әпкесі 17 маусым күні хабарлаған.

Бұған дейін жоғалған әйелді туыстары өздері іздеген. Ешқандай нәтиже болмаған соң полицияның көмегіне жүгінген. Гүлнұр Ерназарқызының бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалып, бірақ қайта келген кездері болған екен. 

Әйелдің белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, дене бітімі арық, шашы иығына дейін, қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Ол қара шалбар, ақ және көк жолақтары бар көк спорттық костюм және аяқкиім киген.

Астана мен көршілес облыстардың Полиция департаменттеріне бағыт-бағдар жолданды. Полиция қызметкерлері мен жоғалған әйелдің туыстары арасынан арнайы іздестіру топтары құрылды.

Полицейлер такси және маршруттық автобус жүргізушілерінен, сондай-ақ теміржол және автовокзал қызметкерлерінен жоғалған әйел туралы сұрастырып жатыр. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасады.

Все новости