00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Аграрлық несие корпорациясы» филиалы директорының орынбасары сотталды

21.12.2023 | 06:00
60
фото: дереккөзден

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлады Elorda.info.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды. Оған бюджеттен  90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді.

Осыдан кейін лауазымды тұлға шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот үкімімен лауазымды тұлға бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Все новости