00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ақмола облысында 1,2 млрд теңге бюджет қаржысын ұрлаған экс-шенеунік сотталды

28.02.2024 | 11:05
112
Фото: дереккөзден

Целиноград ауданының прокуратурасы Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы және кәсіпкердің 1,2 млрд.теңге бюджет қаржысын ұрлағанын анықтады.

Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары 2 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. 

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктеріне бой тасалап үлгерген. Артынан ұсталып қамауға алынған.

1,2 млрд теңгеден астам қаржы көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. 2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды, - деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Все новости