00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

9 облыста аптап ыстық болады

17.07.2023 | 10:00
110
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Шілденің 17-сі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр , бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Все новости