00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Инфрақұрылымы жоқ көмір жеткізушілер нарықтан шығарылады

01.04.2023 | 01:02
Елорда ақпарат
72

Отандық көмір нарығы бойынша жол картасы әзірленді. Ол бойынша көмір жеткізушілерге бірнеше талап қойылып отыр. Толығырақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов баяндап берді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Көмір нарығында делдалдар рөлінің басымдығын байқап отырмыз. Оның соңы баға өсіміне алып келеді. Сонымен қатар өндірушілер мен жеткізушілерде көмір тасымалы бойынша проблемалар бар. Айта кетсек, халыққа көмір жеткізуде вагондардың аздығы мәселесі өткір тұр, - деді Рустам Ахметов.

Оның айтуынша, көмір нарығында әзірленген жол картасы арқылы көтерме-бөлшек жеткізушілерге қойылатын талаптарды белгілеу көзделіп отыр.

Біз нарықтан инфрақұрылымы жоқ делдалдарды алып тастауды мақсат етіп отырмыз. Тауар биржалары арқылы көмір өткізу арақатынасын реттемекпіз. Яғни көмір жеткізушілер үшін оны өндіруші компаниялардың шикізатына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі артады. Көмір нарығында шоғырлануды төмендету жағы да қарастырылып жатыр. Мұнда ірі көмір кен орындарын бірлесіп пайдалану және көмір өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөніндегі мәмілеге келуді ұсынамыз, - дейді ол.

 

 

Все новости