00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Өңір әкімдері қар шығару жұмыстарын күшейтуі қажет – Смайылов

31.03.2023 | 23:36
Сабина Кәкімжан
58

Бүгінгі таңда елді мекендерден 11 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Болжамдарға сүйенсек, биыл қардың көп болуына және жер бетінің қатып қалуына байланысты су тасу қаупі жоғары. Дегенмен бұл жұмыс барлық өңірде тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ. Өңір әкімдері қар шығару жұмыстарын күшейтулері қажет. Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде күрделі жағдай қалыптасқанын бәріміз көрдік. Оған су бұру арналарының, арықтардың, қорғаныш жер үйінділерінің болмауы себеп болғанын атап өткім келеді, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салу қажеттігін айтты.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы дренаждық жүйелердің жауын-шашынның көп мөлшеріне қуаты жетпеді. Кей жерлерде олар мүлдем жоқ. Атырауда қар күрт еріп,  көшелерді су басып қалды. Сондықтан арықтарды, нөсер кәріздерін тазартып, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салу қажет. Индустрия министрлігі мен өңір әкімдері жолдарды, көпірлерді, су өткізу құрылыстарын бекіту жұмыстарын жалғастырсын, - деді ол.

Қазгидрометтің болжамында айтылғандай, наурыз айында еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде.  

Все новости