00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Цифрлық аутизм» деген қандай дерт

31.03.2023 | 23:04
Елорда ақпарат
193

Компьютер, гаджетте тәулігіне 4 сағаттан артық отыратын балалардың бойында аутизмге ұқсас белгілер пайда болады, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, румыниялық психолог Мариус Замфир осындай қорытындыға келген. Бұл ауру «цифрлық аутизм» деп аталады. Ғалымның француз әріптестері бір ай бойы гаджеттерден бас тартқан кейбір балалар аутизм белгілерінен айыққанын анықтады.

АҚШ-тың Педиатрия академиясы екі жасқа толмаған балаларды гаджеттерге тіпті жолатпауға, одан үлкендерін екі сағатпен шектеуге нұсқау берді. Ресейлік психотерапевтер де виртуалды кеңістікте өмір сүретін балаларда «цифрлық аутизм» пайда болуын анықтаған. Мұндай адамдар кәдімгі қарым-қатынастан біртіндеп қаша бастайды. Дертті асқындырмау үшін ата-аналардың өздері телефондарын тастап, балаларымен әңгімелесіп, ойнау керек. Бір сөзбен айтқанда көңіл бөлгені абзал.

Все новости