00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Іздеуде болған көкшетаулық тұрғын Астана маңындағы құрылыста жұмыс істеген

31.03.2023 | 22:59
Айман Нығмет
118

Көкшетау полицейлері хабар-ошарсыз кеткен  ер адамның орналасқан жерін Целиноград ауданы Қоянды кентінің аумағында анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

33 жастағы ер адам 2023 жылдың 4 қаңтарында ата-анасымен сөзге келіп қалып, үйден кеткен, содан бері байланысын үзген. Бірінші айда туыстары оның орналасқан жерін достарынан білген, бірақ ақпан айында ол белгісіз кеткеннен кейін уайымдаған ағасы полицияға арыз жазған. Өтініш келіп түскеннен кейін бірден криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру ісін бастады, жоғалған адам туралы ақпарат жиналды, оның достары мен таныстарының шеңбері анықталды.

Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары Көкшетаудан хабар-ошарсыз кеткен тұрғын Қоянды ауылына келіп, құрылыс алаңында еңбек еткенін анықтады. Ақшасының болмауына байланысты ол ұялы телефонын сатуға мәжбүр болған, сөйтіп өзінің орналасқан жері туралы хабарлай алмаған.

Все новости