00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Былтыр елімізде қанша жаңа көлік сатылды?

31.03.2023 | 22:42
Елорда ақпарат
72

Өткен жылы елімізде 123,8 мың жаңа көлік сатылды. Бұл туралы energyprom.kz порталы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Портал мәліметінше, 2022 жылы елімізде жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техникалар сатылымы 5,3 пайызға артып, 123,8 мың бірлікті құрады. Сонымен қатар еліміздің автомобиль өнеркәсібі Ресейден жеткізілімге және дистрибуцияға тәуелділігін біршама қысқартып, автомобильдердің жаңа маркаларын шығаруды жолға қоя алды.

Жалпы өткен жылы елімізде сатылған көліктердің жартысынан астамы Chevrolet (34,3 мың) мен Hyundai (28,9 мың) автомобильдерінің үлесіне тесілі. Үздік бестікке Kia (14,4 мың), Toyota (9,6 мың) және Lada (7,4 мың) кіреді.

Айта кетерлігі, еліміздегі ең танымал 10 бренд қатарына бірден Қытайдың 4 автомобилі кіріп отыр — Chery (4,5 мың), Jac (3,4 мың), Exeed (1,9 мың), Haval (1,5 мың).

Алайда, өткен жыл әлемдік автонарыққа оңай тиген жоқ. Мәселен, 2022 жылы бүкіл әлемдегі дилерлер 81 млн-ға жетпейтін жаңа автомобиль сата алды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 0,6 пайызға кем. Тіпті, автомобиль нарығы мен автоөнеркәсіптң көшбасшысы саналатын Қытайдың өзі әлемдік көреткішті жақсарта алған жоқ. Бұл елде өткен жылы 26,6 млн жаңа жеңіл көлік сатылып, өсім 4,4 пайызды құраған.

Ал АҚШ-та 13,7 млн, Батыс Еуропада 11,6 млн, Жапонияда 4,2 млн, Шығыс Еуропада 2,9 млн көлік сатылған. Бұл елдердің автонарығы 5,2-ден 26,8 пайызға де дейін құлдыраған. Ал Ресей нарығы жыл ішінде бірден 60 пайызға кеміп отыр.

Все новости